Айдарлар
Айтарым бар
Жасұлан СЕРІКОВ, сарапшы:
- Израиль Үкіметі бизнесте табысқа жеткен кәсіпкерлерді мектепке шақырып, оқушыларды кәсіпкерлікке үйретеді. Бұл оқу курсын оқып келген мұғалімнен әлдеқайда нәтижеге жақындайды. Өмірде белеске жеткен бизнесменнің өмір жолы, кәсіп ашудағы кедергілері мен қадамдарын оқушылар меңгереді. Ал, бізде білім саласында бюрократия басым. Табысты кәсіпкер мектепке, не жоғары оқу орнына сабақ беру үшін оның арнайы педагогикалық білімі болуы керек. Кейде тәжірибелі маманның дәрісі әлдеқайда тиімді. Меніңше, біздің елде кәсібін жолға қойған кәсіпкерлерді шақырып, дәрісін алса, кез келген кәсіпкер оқушылармен кездесуден қашпайды. Мұны жергілікті білім басқармалары реттеу керек. Баланы бизнеске қызықтыру үшін ол өнеркәсіптің ортасында, іскерлік алаңда сабақ ұйымдастырылу керек.
Қазір «Үкімет өлтірмейді» деген қасаң қағидадан арылатын кезең келді. Жалдамалы жұмысшы боламын деген түсініктен арылып, өзімнің шағын кәсібімді ашып, жұмыс орнын ашамын деп мақсат ету керек. Бұл үшін баланың фундаменталды білімі болуы тиіс. Ол үшін қаржылық сауаттылық қажет.
Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!
Бізге жазылыңыз!
Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны
Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)
6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)
Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге
Редакцияға хат
Біз туралы
Редакция құрамы
Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан
Жауапты хатшы –
Абай Тағыберген
Журналистер
Толыбай Абылаев
Айдар Сайлауов
Жүлдызай Қалиева
Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19
Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz
Аралдың ауыр ахуалы әлемді алаңдатқан тұста теңіздің табаны көрініп, суы құрғағалы бері аймақтың ақын-жазушылары көркем әдебиет арқылы базынасын жеткізуде. Сондай қаламгерлердің бірі, Арал тағдырын, экологиялық мәселесін алғаш көтерген Сайлаубай Жұбатыров болатын.
Сол себепті де Аралдың арда азаматы елдің жүрегінен орын алған. Жақында А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастамасымен, қалалық мәдениет үйлері, клубтар және халықтық ұжымдар мемлекеттік кәсіпорны және қалалық кітапханалар жүйесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен эколог-жазушы, публицист, "Парасат" орденінің иегері С.Жұбатырұлының 70 жылдық мерейтойына арналған "Теңіз тебіренткен қаламгер" атты шығармашылық кеші өткізіліп, "Арал тағдырының ақберені" атанған Сыр елінің қарымды қаламгеріне құрмет көрсетілді.
ТАҒЫЛЫМҒА ТОЛЫ ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ КЕШ Қызылорданың бүгіні мен болашағын зерделеді
| Автор:  Ұстаз мәртебесі
Қызылорда - тарих қойнауында қатпарлы ізі қалған талай оқиғаның құрбанына айналған жандарға пана болған, сан ұлт пен ұлысты жатсынбай бауырына басқан алты Алаштың анасы, Сыр өңірінің бас қаласы. Қаймағы бұзылмаған қазақ халқының қасиетті мекеніне айналған, тамыры түркілерден бастау алған, ұлтымыздың ұлылығы мен азаматтығына куә болған Сырдария жағалауындағы шырайлы шаһардың өткені мен бүгіні тарихта алтын әріптермен жазылмақ.
Биыл Алаштың Ақмешіті атанып, қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойын атап өту жоспарланып отыр. Соған орай бұған дейін шаралар легі бірінен соң бірі өтіп жатыр. Ал, өткен аптада А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет Үйінде болған Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған "Қызылорда: кеше, бүгін, ертең" атты тарихи-танымдық кештің орны бөлек.
Тарихи-танымдық кеште Сыр елінің тарихы түгенделіп, бүгіні мен болашағы зерделенді. Тарихта толарсақтан саз, өмірден баз кешкен көшпелі қазақ жұртына Сыр елі бүкіл Алашқа пана болғаны белгілі. Сол себепті де Алаштың анасы атанса керек. Қаймағы бұзылмаған қаймана қазақ халқының қасиетті мекеніне айналған, тамыры түркілерден бастау алған, ұлтымыздың ұлылығы мен азаматтығына куә болған Сырдария жағалауындағы шырайлы шаһардың өткені мен бүгіні тарихта алтын әріптермен жазылып келеді.
Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өту қала халқы үшін басты қуаныш. "Қызылорда: кеше, бүгін, ертең" атты тарихи-танымдық кеште саясаттанушылар, тарихшылар мен әдебиетшілер, қоғам қайраткерлері Қызылорда қаласының қалыптасу тарихының әр кезеңіне тоқталып, жеке-жеке баяндап зерделеу мақсатында жиналды. Сонымен қатар, азат еліміздің байрағына, салтанат тұғырына айналған, өзгеріс ісімен өрнектелген толағай табысқа толы Тәуелсіздік жылдарындағы Сыр өңірінің қарқынды дамуына шолу жасалынды.
Мамандыққа машық: түлектердің таңдауы қандай?
| Автор:  Ұстаз мәртебесі
Соңғы кездері "жастар есеппен жүреді" деген көзқарас қалыптасты. Келешектің үмітін жалғайтын жастардың нарықтық заманда өз орнын, лайықты қызметін таңдауына ең әуелі алған білімі мен таңдаған мамандығы әсер етеді. Ал, біздің елде мамандық таңдау машақатымен бірталай түлек бас қатырып жүр. Себебі бұрынғыдай емес, екпіні қатты ақпараттық тасқында бүгін бар мамандықтың ертеңгі күні қажеті болмай қалатыны жастарды ойландырмай қоймайды. Сол себептен де мектеп партасында отырған әрбір оқушы болашағын әріден ойлайды. Әрине, ата-ана бағытынан, орта әсерінен шыға алмай жүрген оқушылардың да бар екені жасырын емес. Бірақ, бір байқағанымыз, қазіргі 11-сынып оқушылары осыдан 5-10 жыл бұрын мектеп бітірген түлектерге қарағанда қандай да бір мақсатқа талпынуы жоғары. Сенбесеңіз, биыл мектепті тәмамдайтын оқушылармен тілдесіп, келешекке деген жоспарларын тыңдап көрсеңіз, байқай аласыз. Бұл әрине, болашаққа нық қадам басқан сауатты әрі нарық өміріне төтеп бере алатын ұрпақтың қалыптасып келе жатқанының белгісі. Десе де, қоғамда мамандық таңдау мәселесі әлі де өзекті. Себебі бағытынан шатасып жүргендер аз емес. Бүгін біз мамандықтың жаңа әлеміне аяқ басатын, жүректері алып ұшып тұрған жастардың қандай маман иесі болуды көздейтіндерін саралап көрдік.
Алдымен, мемлекет мектеп оқушыларын кәсіби мамандандыру бағытында нендей жағдай жасайтынына тоқталайық. Әрине, "мамандықтың бәрі жақсы, бейіміне қарай таңдауы" деген түсінік бар. Десе де, мектеп партасында отырған оқушыға, әсіресе 11-сынып оқушыларына қандай мамандықтың өзекті әрі сұранысы мол, табысы жақсы екенін анықтайтын статистикалық есептер керек. Бұл тұрғыда ұстаздар мамандыққа мониторинг жүргізіп, бағыт-бағдар береді. Қызылорда қалалық білім бөлімінің бас маманы Ғани Сардарбеков қаладағы 54 мектептегі түлектердің білім деңгейі мен қабілетіне қарай кәсіби бағдар беріліп, қай деңгейде, қандай оқу орнында кәсіби білім алуға мүмкіндігі бар екендігі жөнінде түсіндіру әрі талдау жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.
Жұмыссыз жүру жанға батады. Талай есіктің табалдырығын тоздырып, түйіндеме тасып жүрген азаматтар аз емес елімізде. Тұрақты жұмысы, қолайлы қаржысы бар жұмыстың бірден табыла бермейтіні рас. Араға тамыр-таныс салып, немесе аға-көкелеп айлап жаңа жұмыс орнын күтетін мамандардың да бар екенін жасыра алмаймыз. Әрине, бұл екіұшты тақырып. Десе де, бүгінгі құбылмалы нарық саясатында жұмыссыздық мәселесі түбегейлі шешіле қойған жоқ. Алысқа бармай-ақ, Қызылорда облысын алайық. Бүгінде аймақта 16800 адам жұмыссыз жүр. Аз ба, көп пе? Оны кейін бағамдай жатармыз. Мұндай мәліметті Қызылорда облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев журналистермен кездесуде баяндады.
Басқарма басшысы "соңғы жылдары жұмыссыздық азайып келеді, себебі азаматтарды өзектендіру (мәртебесін анықтау) жұмыстары жүріп жатыр" деді баяндамасында. Жыл басынан бері 15 мың адам өзектендірілген, яғни тізімге ілінген. Қазіргі таңда 88368 адам тіркелмеген, оның ішінде 37405 адам тіркелмеген жұмыссыз ретінде қалып отыр. Ал, өзін өзі жұмыспен қамтығандардың саны 50981-ге жеткен.
Сайт бойынша іздеу
Сауалнама
Наурызды қандай киіммен тойлағанды құп көресіз?
Total votes: 41

2°C
Қызылорда
Бұлтты
Құрғақ 93%
Жел 1.61 km/h
-
5 Нбр 2015
6°C 0°C
-
6 Нбр 2015
7°C 3°C